"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №9 города Кокшетау отдела по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары назарына!

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталатынын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден 1 сәуірден 31 тамызға дейін қабылдау жүзеге асырылады.
1-сыныпқа биыл 6 жасқа толған немесе осы жылы 6 жасқа толатын балалар ата-анасының (заңды өкілдің) жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет болып табылады.
Ата-аналарға құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін созылатынына қарамастан, құжаттар дайын болған кезде сұранысқа ие мектептерге өтініш берген дұрыс екенін еске саламыз. Өйткені, сіз мектептің шағын ауданында тұрсаңыз да, бас тартудың негіздерінің бірі-сынып жиынтықтарының толуы.
Өтініш «электрондық үкімет» egov.kz веб-порталы арқылы беріледі.

Портал арқылы өтінім беру үшін:
✅ Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
✅ Сандық фотосурет 3х4 см;
✅ № 052-2/у нысанға сәйкес баланың денсаулық паспорты (2025 жылдан бастап бұл анықтама еGov порталы арқылы электронды форматқа көшірілді );
✅ № 065/у нысанына сәйкес профилактикалық екпелер картасы;
✅ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда) керек
 1 сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз бола алады: сынып-жиынтықтардың толып кетуі, құжаттардың немесе олардағы деректердің дұрыс еместігін анықтау.

Барлық сұрақтар бойынша Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарына немесе білім бөліміне телефон арқылы хабарласуға болады: т. 50-17-87.


Текст