02.03.2026
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 9 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Қызылжар к-сі, 66.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебі» 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
· электрондық үкімет порталы арқылы – 174 мемлекеттік қызмет;
· «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
· қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 56 мемлекеттік қызмет;
· қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта – 0 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар – 0.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
- Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sh-9-kokshetau.aqmoedu.kz/ Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы мектеп 5 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда 5 жарияланым өткізілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) 2025 жылы 3 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
- 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
· Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
· мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
· электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
· қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
· мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.