Текст
Тіл мерекесі – ел мерекесі. Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.