Текст
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күнінде «Тарих» пәні апталығының шеңберінде А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих» мамандығының ІІ курс студенттеріне «Тарих сабағында белсенді оқыту әдістерін қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда белсенді оқыту әдістері туралы теориялық мәлімет беріліп, практикалық жұмыстар жүргізілді. Семинарды тарих пәні мұғалімдері Тасжанова Қ.Т. және Айткен Е.Қ. өткізді.