Текст
2024 жылғы 17 сәуірде М. Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназия базасында қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінің бастауыш сыныптардың жас мамандары үшін «Озат тәжірибе - ортақ іс» қалалық семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: жас мамандарға сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен вариативтік компоненттерді тиімді пайдаланудың әдістерімен таныстыру. 1 «Ә», 1 «Б», 4»Ә», 4 «В» сыныптарында ана тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану пәндерінен ашық сабақтар көрсетілді. Гимназияның тәжірибелі ұстаздары өздерінің авторлық бағдарламаларымен таныстырып, жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар соңында ұсыныстар берілді.