"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №9 города Кокшетау отдела по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп формасының талаптары

23.07.2024

1.⁠ ⁠Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығымен регламенттелген. 2023-2024 оқу жылында қолданыстағы бұйрық басшылыққа алынады.
2.⁠ ⁠Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
3.⁠ ⁠Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын бекітуді білім беру ұйымдары мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды. Жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
4.⁠ ⁠Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.
5.⁠ ⁠Мектеп формасына қосуға рұқсат етілмейді және киюге тыйым салынады:
•⁠  ⁠жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар;
-түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтері.
6.⁠ ⁠Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдайды.
7.⁠ ⁠Білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға, ал ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті.

Просмотров: 2441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст